«Сақтықта қорлық жоқ» - демекші, қазіргі уақытта қаладағы жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Ауру жұқтырғандардың көбі тиісті вакцина салдырмаудың салдарынан болып отыр. Қызылша ауру фактісі еліміздің барлық аймағында тіркелді. Қала әкімінің орынбасары Е.Глотов ұйымдастырған штаб отырысында, денсаулық саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
ВАКЦИНА қабылдап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
ҚЫЗЫЛША – кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.
Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.