60-71-28
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

«Сақтықта қорлық жоқ» - демекші, қазіргі уақытта қаладағы жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Ауру жұқтырғандардың көбі тиісті вакцина салдырмаудың салдарынан болып отыр. Қызылша ауру фактісі еліміздің барлық аймағында тіркелді. Қала әкімінің орынбасары Е.Глотов ұйымдастырған штаб отырысында, денсаулық саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

ВАКЦИНА қабылдап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

ҚЫЗЫЛША – кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.
 Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Бұл мереке біздің негізгі Заңымызда бекітілген таңдау құқығы мен Тәуелсіздіктің маңыздылығын еске салады. Конституцияның арқасында еліміздің әрбір азаматы сөз, ой және ар-ождан бостандығына, сондай-ақ сайлауға қатысуға және мемлекетіміздің болашағын қалыптастыруға құқылы.

Мен бәрімізге осы еркіндікті сақтап, оның құндылығын ұмытпауымызды тілеймін. 

Мереке құтты болсын! 
Әрқайсымыз өз еліміздің дамуына және өркендеуіне   өз үлесімізді қосайық!!

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын қызметінде 01.04.2023жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Талдау шеңберінде төмендегідей бағыттар бойынша мәселелерді қамту жоспарлануда: нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Айтуынша, егер сізде кәсіпорын қызметіне қатысты ақпарат, шағымдар мен ұсыныстар болса, оларды электрондық поштаға жібере аласыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" ТБН№ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілгені туралы хабарлайды.

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:

1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық қатысуға ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 10.07.2023 жылы сағат 11:00-де Астана қаласы, А1, 5 көшесі, мәжіліс залы, 3-қабат мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.

Жария талқылауға қатысуға ниет білдіргендер 87004010909 телефоны бойынша комплаенс-менеджер К. С. Булегенов-ке жүгіне алады

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.