60-71-28
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

Елордалық медұйымдарда пациенттерді қолдау қызметтерді қалай жұмыс істейді

🏥 Пациенттердің шағымдарын «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешу мақсатында елорданың барлық медициналық ұйымдарында пациенттердің шағымдарын қарастырумен және шешумен айналысатын қызмет ұйымдастырылған.
📋 Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті – көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау, сондай-ақ халықпен өзара әрекеттесу.
🩺 Бұдан бөлек, бұл қызмет өз кадрлары мен жабдықтарын пайдалану тиімділігін, медициналық көмек көрсету технологиясын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды, медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсетуді бағалайды.
Сондай-ақ, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
ℹ️ Елорданың медициналық ұйымдарындағы пациенттерді қолдау қызметтері туралы ақпарат Басқарманың ресми сайтындағы «Пайдалы сілтемелер» блогында көрсетілген. Сілтеме өзекті stories-те бекітілген.

Add comment

Security code
Refresh

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.